$ 447.4  477.55  4.76

Белгісіз меценат төртінші мәрте Нобель сыйлығын сатып алды

Америкалық ғалым, Нобель сыйлығының иегері Леон Ледерман қолындағы медалін 765 мың долларға сатып жіберді, деп жазады «24.kz».

Физика саласы бойынша 1988 жылғы Нобель сыйлығының иесі Леон Ледерман бағалы марапатын Лос-Анджелестегі Нейт Сандерс бәссаудасында сәтті өткізе білді. Daily Mail басылымының хабарлауынша, компания сатып алушының есімін жариялаудан бас тартқан. Белгілісі, құнды сыйлыққа қол жеткізген меценат үшін бұл оның ең көп қаражат жұмсаған төртінші Нобель марапаты. Медальдің бастапқы құны 325 мың долларға бағаланыпты. Ал Леон Ледерман болса маңдайақы марапатын медициналық есепшотына ақша керек болғандықтан саудалауға бел буыпты. Оның үстіне медальдің аты ғана болмаса, ол зейнеткердің сөресінде шаң басып жатқан көрінеді. Тіпті онымен немерелері сан мәрте суретке түсіп, ермек қылуды әдетке айналдырған. Бүгінде ғалымның жиған-тергені де медициналық шығындарын өтеуге жеткіліксіз бола бастаған. Нобель сыйлығының 1880 жылғы бұл үлгісі 18 бен 24 караттық алтынға ие. Былтыр оның бірін биолог Джеймс Уотсон 4,7 млн долларға сатып, рекорд орнатқан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары