$ 444.22  476.38  4.82

Сәтпаев қаласында жол-потрулдік полициясының қызметкері өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Қарағанды облысында Сәтпаев қаласында жол-потрулдік полициясының қызметкері өз пәтерінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметі. 

 

"ҚР ҚК 99 бабымен (Өлім) қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Облыстық ІІД криминалдық полициясы, Жезқазған қаласы ІІБ  және Сәтпаев қаласы ІІБ тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Ауыр қылмыс жасаған тұлғаны анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдануда", — делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға болған сәтте 46 жасар жәбірленуші қызметте болмаған, ішкі істер органдарында қызмет еткен кезінде өзін жағымды жағынан көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары