01.06.2015, 18:00

Шымкент тұрғынының миллиондаған қаржысы мен бірнеше бриллианттары қолды болды

Шымкент тұрғыны миллиондаған қаржы мен бриллианттарды қолды қылды, - деп хабарлайды  Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызылордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен біріге отырып бірнеше мәрте пәтерлерді тонап, бой тасалап жүрген Шымкент қаласының 1981 жылы туылған тұрғынын ұстады. Күдікті өзінің сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, 2015 жылдың 3 сәуірі күні Қызылорда қаласындағы бір пәтердің есігінің кілтін іріктеу арқылы ашып кіріп, 1 000 АҚШ долларын, 780 000 теңге көлеміндегі ақшасын және бірнеше дана бриллиант пен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

"Соның салдарынан жәбірленушіге 3 950 000 теңге және 1 000 АҚШ доллары көлемінде мүліктік шығын келді. Осындай тәсілмен тағы да 6 пәтер ұрлығы қылмысын жасағандары анықталды. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеу барысында күдіктінің бір сыбайласы 1982 жылы туылған Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталып, ұсталды және Шымкент қаласында қамауға алынды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысын анықтау мақсатында жедел-тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бұл екі азаматтың, тағы екі сыбайласының қатысуымен Шымкент қаласында да бірнеше пәтерді тонағандары белгілі болып отыр.