27.02.2018, 04:27

Сөзінде тұрмады: Украина қазақстандық пойыздардан бас тартты

Украина Қазақстандағы General Electric кәсіпорнының локомотивтерін сатып аламыз деп алдын ала келіскен. Бірақ кейін қазақстандық өнімнен бас тартып, оның орнына АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы General Electric зауытының өнімін алатын болды деп мәлімдейді Украинаның көлік стратегиясы орталығы.

Украинаның бұндай қадамға баруының себебі қазақстандық компанияның Ресеймен серіктес болуында. Ал ол холдингке Украина тарапынан санкция салынған.

Қазақстандық компания 30 локомотивті сату жайлы келісімшартқа 23 ақпан күні қол қойған. Жобаның құны шамамен 1 миллиард долларды құраған.

Дереккөз: Lenta.ru