01.06.2015, 18:00

400 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтылады

astana.gov.kz/

Астанада жыл басынан бері 5 айдың ішінде 7 354 жаңа жұмыс орны ашылды деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Оның ішінде: өнеркәсiпте 644, құрылыста 1 207, көлік және қоймалау саласында 487, көтерме және бөлшек саудада 1 619, бiлiм беру саласында 781, денсаулық сақтау саласында 368 және экономикалық қызметтің басқа түрлері саласында 2 248.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкiмдiгінің Жұмыспен қамту орталығымен 1 889 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесін өтуге 126 түлектер және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 114 адам қайта даярлауға жіберілді.

Еске салайық, «Нұрлы жол» жаңа экономикалыық саясатты іске асыру аясында 2015-2019 жж 400 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген.