$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы екі күнде Алматыда таудан аққан өзендер арнасынан асады - ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады. Мамандар алдағы екі тәулікте таудан ағатын өзендер арнасынан тасуы мүмкін екенін айтып отыр.

"28 ақпан мен 1 наурыз аралығында жауын жаууына байланысты Алматының таудан ағатын өзендері арнасынан тасуы мүмкін", - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 24 ақпаннан бері Алматы облысының бірнеше елдімекенінде тасқын су тұрғындарды тығырыққа тіреп қойды. Еріген қар суы ондаған үйді шайып кеткен. Әсіресе Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында жағдай мүшкіл. Жергілікті билік өкілдері болса шарасыздық танытып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары