$ 448.56  478.03  4.79

Түркия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Түркия  президенті Реджеп Тайип Ердоған егер оппазициялық халықтық-республикалық партия көшбасшысы  Кемаль Кылычдароғлы өзінің жаңа сарайынан алтыннан жасалған әжетхана тапқан жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты . Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап lenta.ru жазды.

Сенбі, мамырдың 30 күні оппазиционер Кемаль Кылычдароғлы Түркия президентін  шектен тыс үлде мен бүлдеге оранып өмір сүріп жүр. Анкарада бұл мырзаға арнап сарайлар салынды, ұшақтар мен қымбат көліктер алынды. Тіпті әжетханасын да алтыннан алдырды, – деп наразылығын білдірген болатын.

Бұған ел перезиденті: «Мен Кемаль Кылычдароғлыны өз сарайыма шақырамын. Оның жуынатын бөлмелердің ешбірінен алтын әжетхана таппайтынына сенімдімін. Ал, егер, тапқан жағдайда мен өз орынымды босатуға дайынмын», – деп жауап берді.

Президент сайлауында жеңіске жеткеннен Реджеп Ердоған өткен жылдың тамыз айында мың бөлмелі жаңа сарайға көшіп барған болатын. Бұл сарайдың құны 270 мың еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары