Маусымның 1-5 аралығында тұрғын үйді Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алуға құжаттарды қабылдау жарияланады, деп хабарлады елорда әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру аясында Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚТҚЖБ» АҚ) арасында «Сарыбұлақ арнасы бойындағы Тілендиев даңғылының оң жағына қарай орналасқан тұрғын үй кешендері (Лот Б-8В)» көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі 134 пәтерді сату бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны - 120 мың теңге.
Сату үшін 134 пәтер қарастырылып отыр, оның ішінде:
54 - бір бөлмелі пәтер, ауданы 32,21 ш.м.-ден 35,9 ш.м.-ге дейін;
54 - екі бөлмелі пәтер, ауданы 49,75 ш.м.-ден 50,65 ш.м.-ге дейін;
26 - үш бөлмелі пәтер, ауданы 65,98 ш.м.-ден 68,92 ш.м.-ге дейін.
Тұрғын үй тұрғын үй несиесі, тұрғын үй құрылыс жинақ немесе өз қаражаты есебінен тікелей сатып алу жолымен жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттілігі дәлелденбеген жағдайда тұрғын үй кейіннен сатып алу құқығымен кем дегенде 8 жыл мерзімге жалға беріледі.
Бұл бағыт бойынша қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 1-5 маусымда (қоса алғанда) жүргізіледі.
Бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек e.astana.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ғана өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭСҚ) пайдаланумен іске асырылатын болады.