$ 443.85  474.3  4.8

Елорданың кейбір көшелерде жол қозғалысы жабылады

Астана қаласында орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге орай 3-8 маусым аралығында Республика даңғылынан "Сапаржай" автовокзалына дейінгі жолда көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстары барысында қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесі төмендегі бағдар бойынша өзгереді:

№3 маршрут - Республика даңғылы - Есенберлин көшесі - Біржан сал көшесі - Вокзал. Қайтар бағыт та осы кесте бойынша жүзеге асырылады.

№7 маршрут - Республика даңғылы - Есенберлин көшесі - Жеңіс даңғылы - Вокзал, одан әрі әдеттегі кесте бойынша.

Одан өзге, бүгінгі таңда Өндіріс тұрғын алабында, Бейсекова көшесінің Тілендиев пен Конституция көшелері аумағында, Тілендиев даңғылының Күмісбеков көшесі аумағында жол жөндеу жұмыстарын жүргізудің салдарынан көлік қозғалысы шектелді.

2-4 маусым аралығында Қошқарбаев - Обаған көшелерінің қиылысы, 2-6 маусым аралығында Абай даңғылының "Мегаспорт" аумағында жол қозғалысы шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ташенов көшесінде көлік қозғалысы шектелді. Жол 3 маусымда ашылады.

Көлік жүргізушілері үшін жолдарда арнайы белгілер орнатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары