$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандық студент АҚШ-та алты жылға сотталды

Бостон марофонында лаңкестік актіні ұйымдастырушының досы, істі тергеу кезінде америкалық  сот төрелігіне кедергі келтіргені үшін сотталды, деп хабабарлады РИА Новости Ассошейед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

 

Қазақстандық студент Диас Қадырбаев 72 айға түрмеде отыруға (6 жыл) кесілді, оған жеті жылға сотталу қаупі төнген еді. Қадырбаев лаңкестік актіге күдікті өзінің танысы Джохар Царнаевты танығаннан кейін полицияға хабарламағанын мойнына алды. Сонымен бір ол жатақханадағы Царнаевтың бөлмесін жинап, тергеуге кеселдік келтіргенін мойындады. «Мен осыншама ақмақтық жасағаныма түсінбеймін», — деп мәлімдеді қазақстандық студент.

Лаңкестік акті 2013 жылғы 15 сәуірде Бостонда жыл сайынғы марафон кезінде болған еді. Екі жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алған.

Лаңкестік актіге ағайынды Царнаевтар күдікті деп танылып, үлкені — Тамерлан полицейлермен атыс кезінде көз жұмғанболатын. Ал Джохар арнайы операция кезінде тұтқындалып, алқабилер сотымен өлім жазасына кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары