$ 443.35  475.54  4.82

Хиджаб киген қыз автобустағы жолаушыны тепкілеп тастады (ВИДЕО)

Әурет жерін жауып, басына орамал таққан қызды көрсек сабырлы, иманды, инабатты адамды көргендей боламыз. Бірақ бес саусақтың бірдей еместігіндей, оранған қыздардың да әр түрлі болатынына осы жолы тағы да бір көз жеткізгендейміз.

Видеода хиджаб киген қыздың жолаушылардың бірін аямай сабап, тепкінің астына алғанын анық көруге болады. Тіпті, айналасындағы ажыратпақ болғандардың да қызға әлі келмей жатқаны байқалады.  

Желі қолданушыларының бәрі дерлік қыздың бұл қылығын құп көрмей, сынап жазды.

«Бәленің бәрі сол хиджаб кигеннен шығады», «Жастар хиджаб киіп, намазды ойыншық қылды», «Масқара, өте ұят нәрсе екен»,  – деп пікір қалдырды оқырмандар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары