$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында ірі жол апатынан 7 адам қаза тапты: барлығы Өзбекстан азаматтары

Бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 04:30 шамасында Маңғыстау облысындағы "Ақтау-Бейнеу" тас жолының бойында Сайөтес ауылына жақын маңда ауыр жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысты деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қытайлық Shacman жүк көлігі мен "Лада Ларгус" минивэнінің соқтығысуынан жеті бірдей адам қаза тапқан. Барлығы да жеңіл көліктің жолаушылары. Қазіргі таңда олардың кім екендіктері анықталып жатыр.

Әлі расталмаған мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың барлығы да Өзбекстан азаматтары. Қазір осы жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның мән жайын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары