Швейцария, Исландия, Швеция, Финляндия және Дания елдерінің тұрғындары өздерін бақытты санайтындықтары анықталды. Мұндай деректерді Еуростат агенттігінің «Quality life in Europe – facts and views» зерттеуі жариялады.
Еуропалықтардың өмірге көңіл толушылығы бірнеше категориялар бойынша бағаланды: материалдық қамсыздық, еңбекпен қамтылу, денсаулық, білім беру, бос уақытты өткізу, экономикалық және физикалық қауіпсіздік, құқық, қоршаған табиғи орта.
Еуроодақтың көптеген тұрғындары жеке бас қарым-қатынастарына көңілдері толатындығын айтқан. Бұл тізімге тек Бельгия, Финляндия, Болгария және Швеция кірген жоқ. Барлық дерлік елдердің халқы қаржылық жағдай көңілдерін көншітпейтінін алға тартты. Ал бос уақыттың өтуі Болгария, Кипр, Грекия, Хорватия, Венгрия, Португалия, Словакия, Италия мен Латвиядан өзге жерлерде іш пыстырарлық аталған.
Жеке бас қарым-қатынастарына барынша риза екендіктерін білдірген Ирландия, Дания, Австрия және Мальта халқы Еуропаның ең бақытты тұрғындары атанды, деп жазады prian.ru.