Актер, режиссер, театр педагогы Тұңғышбай Жаманқұлов атышулы Айжан Байзақоваға қатысты пікірін білдірді. Оның өмірге деген көзқарасына қынжылатынын жеткізді.
Аман Тасығанның «TаlkLike» жобасында журналист актерге «Танисыз ба?» деп Байзақованың суретін көрсетті. Алғашында аздап ойланып қалған Жаманқұлов блогерді түнгі клубтағы жағдайдан кейін біле бастағанын айтты.
«Көзқарасым жақсы емес. Ол қызды көп көрмедім. Бірақ түнгі клубтағысын көргеннен кейін өте қиын жағдайда болдым. Құптамаймын және бұл қарындасыма санасының, талғамының, өмірге деген көзқарасының тәлім-тәрбиесінің осыншама азғындағанына қынжыламын, күйзелемін», – деді Жаманқұлов.
Еске салайық, Айжан Байзақова былтырғы жылдың соңында Алматыдағы «Zakova» барында 50 мың теңгеге қыз шешіндіріп, басы дауға қалған еді. Кейін оған Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша айып тағып, 3 күнге қамауға алған.