$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қазақ қыздарын 50 мың теңгеге шешіндірген Айжан Байзақова 3 тәулікке қамалды

Танымал блогер, Instagram әлеуметтік желісінің жұлдызы Айжан Байзақова 3 тәулікке қамауға алынды. Бүгін таңертең бойжеткенді Алмалы аудандық ІІБ-не шақыртып, одан сұрақ-жауап алған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, 22 жастағы қыз ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланып отыр екен. Ол өзіне тиесілі түнгі клубта келушілердің көңілін көтеру үшін екі қызды 50 мың теңгеге бола шешіндірген. Кейін бұл сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілірге тарап кетті.

"Алматы қаласының тұрғыны А.С.Байзақованың үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бабы бойынша іс қозғалды. Ол қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті және этикалық нормаларды бұзатын әрекет жасаған. Іс материалдары Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Соттағылар оны кінәлі деп тауып, үш тәулікке қамау туралы шешім шығарды", - дейді Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ұсталғаннан кейін Айжан Байзақова өз кінәсін толық мойындаған және істеген бұл әрекеті үшін өкінетінін жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары