02.06.2015, 18:00

Физиологиялық жайнамаз

Ғарыш технологиясы саласының маманы әлемде тұңғыш рет физиологиялық жайнамаз ойлап тапты және жасап шығарды, деп жазады islam.kz

Бұл жайнамаздың құрамында ғарыш технологиясының элементтері бар. Аталмыш жайнамаз отырып-тұруы қиын қарт адамдарға, жарақат алған спортшыларға, т.б. арналған. «Ол тізесі мен буыны ауыратындарға, шаршап-шалдыққан немесе өзін әлсіз сезінген адамдарға көмек болады. TIMEZ5 жайнамазы мұсылман нарығын жыл бойы зерделеп барып жасалды», - деді жайнамаз «авторы» Нәдір Сабыр.