Астанада жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешенінде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2018 жылғы 2 наурызда 14:19-да өрт байланысы орталық бекетіне Е38 көшесі, 30/1 мекенжайындағы «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрт болған жерге 14:20-да 4 негізгі, 3 арнайы өрт көлігі және жеке құрамның 26 қызметкері жіберілді», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер жеткен уақытта тоғыз қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерде өртеніп жатқаны анықталды, жалынды сөндіру кезінде 5 адам құтқарылды. 15 шаршы метр жерді жалын шарпыған.