$ 498.34  519.72  4.85

Жетісай қаласының әкімі 200 мың теңге парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев "200 мың теңге пара алды" деген күдікпен қала әкімі қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл туралы Азаттыққа Мақтарал ауданы сотының судьясы Сейілхан Мұсабеков хабарлады. Судьяның айтуынша, Базарбаев "пара алу кезінде ұсталған", бірақ кепіл қойып қамаудан босатылған.

Сейілхан Мұсабековтың сөзінше, Байдуалы Базарбаев "жергілікті тұрғын Омаровтың пайдасына әрекет жасап, 200 мың теңге пара алды" деген күдікке ілінген.

- Қала әкімі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігімен күдікке ілінді. Әкім параны жұмыс кабинетінде алған делінеді. Аудандық сот қала әкімі Базарбаевқа кепіл қою түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды. Күдікті кепілге 13 миллион 500 мың теңге тұратын үйін қойды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді судья.

Судья Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мақтарал аудандық басқармасының Байдуалы Базарбаевты Жетісай қаласы әкімі қызметінен уақытша шеттету туралы ұсынысы қанағаттандырылғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары