Беларуссияның бас прокуратурасына жолданған Қазақстан республикасының үш азаматы мен Түрік Республикасының бір азаматын ұстап беру туралы Қазақстанның өтінішіні қанағаттандырды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Республикамыздың аумағында қылмыс жасаған Қазақстанның үш азаматы мен Түрік Республикасының бір азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін Беларусь Республиасының Бас прокуратурасы қанағаттандырды", — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, екі қазақстандыққа бірнеше рет және аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін іздеу жариялаған. Ал үшіншісі адам денсаулығына қасақана түрде ауыр зиян келтіріп, қылмыстық қудағалау органдарынан жасырынып жүрді деген айып тағылған. Түркия азаматы ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болғаны және оның құрамында жүріп бірнеше рет аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде болған еді.
2015 жылғы қаңтар айында қылмыскерлердің барлығын Белоруссияда құрықталған болатын. Екі елдің бас прокуратуралары арасында тәртіпке сай қалыптасқан өзара бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде оларды Қазақстанға берілуі туралы шешім қабылданды.
Бүгін іздеуде тұтқындалған қылмыскерлер Белоруссиядан Қазақстанға әкелініп, Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.