$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандық хоккейшіні ойын алаңында қарсыласы мойнын конькимен кесіп жіберді (ВИДЕО)

"Барыс" клубының жастар командасы "Қар барысының" қақпашысы қарсыласының конькиінен зардап шекті.

"Мамонты Югры" ресейлік командасының хоккейшісі ойын кезінде қазақстандық "Қар барысы" ойыншысын жарақаттады.

Оқиға Жастар хоккей лигасының матчы кезінде болған: "Мамонты Югры" командасының 20 жастағы қорғаушысы Дмитрий Юшкевич "Қар барысының" қақпашысы — он алты жастағы Вилен Прокофьевтің мойнын конькимен кесіп жіберген. БАҚ мәліметіне сүйенсек, бозбаланың жарақаты терең емес көрінеді.

"Барыс" хоккей клубы жазғандай, 2 наурыздағы кездесуде қазақстандық команда 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары