Жаңалықтар 03.03.2018 сағат 03:14

Қызылордада құлаған жатақхана тұрғындары пәтерлерге көшіріле бастады

Құлаған жатақханадан мектепке эвакуцияланған отбасылар жергілікті билік есебінен жалға алынған пәтерлерге көшіріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, жатақхана тұрғындары 2 күн «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетте болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бұған дейін жатақханадан эвакуацияланған 46 отбасыны 2 күнде пәтерлерге орналастырамыз деп мәлімдеген болатынбыз. Қазіргі кезде отыздан астам жанұяны көшірдік. Бұл жұмыс жалғасып жатыр»,-деді Асылбек Шәменов.

Естеріңізге сала кетсек, 28 ақпан күні Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі опырылып түскен. Өзге бөлігінде тұрған 46 отбасы эвакуацияланды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындар 6 айға уақытша баспанамен қамтамасыз етілді, қаржысы жергілікті бюджеттен бөлінеді. 1-2 күннің ішінде олар толығымен пәтерлерге көшіріледі. Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия отбасыларды заң талаптарына сәйкес баспанамен қамту үшін әр жанұяның жағдайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл жағдай облыс әкімдігінің жіті бақылауында.

Бұдан бөлек, бүгін, 2 наурызда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы жатақханалардың жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі 12 наурызда белгілі болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар