Шымкентте 33 жастағы ер адам көршісінің 5 жасар қызын зорлады деген күдікпен қамалды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, болған жайды полицияға бүлдіршіннің анасы хабарлаған. Айтуынша, көршісі қызды үйге алдап кіргізіп, абыройын аяқ-асты еткен көрінеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Өзінің айтуына қарағанда, ол қылмыс жасаған кезде қатты мас болған" делінген хабарламада.