03.03.2018, 06:24

Аюмен төбелесте жеңілген жобарыс суға қарай қашып кетті (ВИДЕО)

Жолбарыс аюдан жеңіліп қалды. Бір естігенде құлаққа түрпідей тиетіні рас. Десе де Youtube видео-порталында жарияланған ролик сөзімізді айғақтайды.

Видеода ойнап төбелескен болуы керек, аю мен бенгал жолбарысы бір-бірін жерден алып, жерге салады. Алысып-жұлысқан қос хайуанның аюуы мықты болып шықты. Жолбарыс одан жеңілгенін мойындап суға қарай қашып кетті.

Оқиға Үндістандағы ұлттық парктердің бірінде болған.