$ 448.56  478.03  4.79

Қазақстандықтар Түркияның қонақ үйлерінен қуыла бастады

Қазақстандық «Travelsystem» туристік компаниясы банкротқа ұшырауына байланысты қазақстандықтар Түркияның қонақ үйлерінен қуыла бастады. Бұл туралы Қазақстан Туристік агенттіктер қауымдастығы Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. 

Қонақ үй басшылары қазақстандықтарға тұру ақысын қайта төлеуге мәжбүрлеп жатыр. Қауымдастық өкілі Денис Кривошеевтің хабарлауынша, қиын жағдайда қалған демалушылардың саны - 700.

«80-ге жуық адамның қайта ұшып келуі қиындады. Олар «Scat» әуе компаниясымен ұшу керек болатын. Ертең, жұма күндері ұшуы тиіс демалушылар да екіұдай жағдайда. Мазалайтын мәселе көп. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», - деді Денис Кривошеев.

Оның айтуынша, компания басшылығы қазір Еуропаға аттанып кетті.

Қазақстан Туристік агенттіктер қауымдастығы жапа шеккен агенттіктерге көмек қолын созу үшін үйлестіру штабын құрды. 

Олар мемлекеттік органдар мен әуе компаниялары, қабылдаушы компаниялар, сақтандырушы компаниялар, заңгерлер мен туроператорлар арасында ақпараттық алмасуды жеңілдетпек. 

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Туристік агенттіктер қауымдастығы Алматыда сағат 15:00-де баспасөз конференциясын өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары