$ 494.87  520.65  4.91

Елтаңбаны бояу тәсіліне өзгерістер енгізілмек

Қазақстанда мемлекеттік рәміздердің жаңа стандарттары енгізіледі.Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: идеологиялық аспектілер және қолдану ережелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында  ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы  Сауықбек Қапаев мәлім етті.

Бүгінде стандарттарға сай келмейтін мемлекеттік символдар Үкімет бекіткен қаулыға сәйкес жойылуы керек. Бұл тұрғыда өте көп ескертулер бар. Сондықтан да соңғы жылдары ұлттық стандарттар ережесін қайта қарастыру қажеттілігі туындады»,-деді департамент басшысы.

Оның сөзінше, жаңа стандарттарда ескі стандартпен жасалған Елтаңбаларды пайдалану 2017 жылға дейін қарастырылған. Жалпы авторлардың идеясы, рәміздің мазмұны, формасы бұрынғысынша сақталады. Бұл тұрғыда Елтаңбаны бояу тәсіліне өзгерістер енгізілмек.

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Елтаңба стандартының үлгісіне тоқтала келе, «бұл үлгіде саяси және басқа қырлары өзгермейді, тек орындалу тәсілі реттелетін болады. Өйткені, қазіргі кезде  орындаушылардың лицензиясы бар болса да, жасау тәсілдері өте төмен. Кейбір бөлшектерді ұмытып кетеді немесе бояуларды басқаша таңдайды. Сонымен қатар көптеген Елтаңбалар біршама уақыттан кейін қарайып кетіп жатыр және өзінің түсін тез жоғалтуда»,-деді. Осы орайда Ж. Мәлібеков жасалған электронды нұсқадағы стандартта барлық параметрлер көрсетілгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары