$ 494.87  520.65  4.91

Бір мектептің 34 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды

ОҚО, Мырзашөл ауданындағы №6 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясын биыл 74 оқушы бітірген. Соның 34-і сыннан сүрінбей өтіп, «Алтын белгі» иегері атанды.

Аталған білім ұясындағы ұжымның негізгі құрамын байырғы ұстаздар құрайды. Жас оқытушыларға да талап жоғары. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдарда арнайы сынақтан өткізіп, іріктеп алады екен. Педагогтар үнемі дайындық курстарынан өтіп тұрады. Тіпті мектептің оқу әдісі өзге аудан-қала ұстаздарына үлгі ретінде де көрсетіліп, тәжірибе алмасып отырады. Оқушылардың бұл жетістіктері ұстаздардың еңбегі дейді облыстық білім басқармасындағылар.

Серік Әуесханов, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Дәл осы мектепке келетін болсақ, замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ал ондай жабдықталған мектептеріміз де көп. Бірақ көрсеткіш деңгейінің жоғары болуы – сол жердегі ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Ол жерде ҰБТ дайындық барысы жалпы балаларға білім беру сапасын қалай көтеруге болады деген іс-тәжірибемен алмасу жұмыстары жүргізілді.

Ал дәл осы аудандағы №4 мектепті бітіріп жатқан қыз баланың орнына Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына 1995 жылғы ер жігіт кіріп, бағын сынап көрмек болған. Бұл олқылық тексеру барысында анықталыпты. Көршілес Сарыағаш ауданында бір оқушы аудитория ішінде ұялы байланыс телефонымен ұсталған. Алайда ол құралды қолданып үлгермеген. Комиссия екі оқушының да еңбегін жоққа шығарды. Олар енді Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыра алмайды. Тек келесі жылы кешенді тест тапсыруға мүмкіндіктері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жас түлек