Түнгі уақытта алкогольді сусын сатқан сатушыға 40 АЕК көлемде айыппұл салынды деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың ақпанында ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы бекітілген учаскелік аумақты аралау барысында алкогольді өнімдердің түнгі уақытта сатылу фактісін анықтады.
Жанақоныс көшесіндегі дүкендердің бірінде сатушы түнгі уақытта этил спиртімен тең отыз пайыздан асатын алкогольді өнімдерді сатқан.
«Алкогольді өнімдерді сатып, ҚР заңын бұзғаны үшін 47 жасар дүкен сатушысына ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама тіркелді. Сот шешімімен азаматқа 40 АЕК (90760 тенге) көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды», - деп жазылған ІІД-нің хабарламасында.
Жыл басынан Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша шамамен 60 факті анықтаған.