$ 446.49  475.38  4.79

Оралда ескі зираттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Орал қаласында мектеп оқушылары ескі зират аумағынан сағат кеші 7 шамасында жаңа туған сәбидің денесін тауып алды деп жазады Мой ГОРОД.

Дерқұл кентінің оқушылары қар үстінде жатқан баланың мәйітін тауып алып, жақын маңдағы адамдарды көмекке шақырған.

Куәгер Гиният Мәмбетов жұмыстан келе жатып, оқушыларды көріп қалған.

«Оларға жақындағанымда қарда баланың жатқанын айтты. Жаңа туған нәресте екен. Шүберекке оралған. Зират күзетіне жүгіріп барып, полицейлерді шақырдық», – дейді Гиният Мәмбетов.

Баланы кімнің және қашан тастап кеткені әзірге белгісіз. Полицейлер тергеу амалдарын бастап кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары