$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда жас жігітті көлік қағып өлтіріп, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда кеше түнде 22 жастағы жігітті көлік қағып өлтірді. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жол көлік оқиғасы Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында болған. Марқұм жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен кесіп өтпек болған екен. Сол сәтте оны жеңіл көлік келіп соққан. Алған ауыр жарақатынан жігіт оқиға орнында көз жұмды. 

Қазіргі таңда күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы және куәгерлерді сұраумен күдіктінің кім екенін анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары