Оралда № 32 орта мектеп түлектерінің көз алдында мұғалімдерінің жүрек талмасы ұстап қалды. Бұл туралы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылған ҰБТ орталығы мәлімдеді деп жазады "Уральская неделя".
«Мектеп мұғалімі оқушыларды сынақ тапсыруға кіргізіп жіберді. Өзі дәлізде тосып тұрған әйелдің сағат 13:10-да жүрек талмас ұстап қалды. Біз оған өз күшімізбен алғашқы жәрдем көрсетіп, 103-ке хабарластық. Алайда «жедел жәрдем» тез келе қоймады. Жарты сағаттан астам уақыт өтіп кетті. Дәрігерлер түскі үзілісте мұғалімнің көз жұмғанын айтты», — деп мәлімдеді ҰБТ орталығы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.