$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбе облысында жол апатынан тағы да Өзбекстан азаматтары қаза тапты

Ақтөбе облысы аумағында жол апатынан Өзбекстанның екі азаматы қаза тапты деп жазады Азаттық.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар миинстрлігінің хабарлауынша, жол апаты 5 наурыз күні сағат 10:50-де Ақтөбе облысының Өлке елді мекені тұсында Самара – Шымкент жолында болған. Санкт-Петербургтен Ташкентке кетіп бара жатқан Opel Astra жеңіл көлігі КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Өзбекстанның Әндіжан облысының 1978 жылы және 1975 жылы туған екі тұрғыны қаза тапқан.

Қазір Өзбекстан құзырлы органдары марқұмдардың мәйітін Ақтөбеден алып кету шараларын істеп жатыр.

Қазақстанның батыс өңірінде жыл басынан бері осымен төртінші рет Өзбекстан азаматтары жол апатына ұшырап отыр. 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп, Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 54 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.

25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген Mercedes маркалы автобус Ресейден келе жатқанда жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кетіп, аударылған. Салдарынан автобуста болған Өзбекстанның жеті азаматы түрлі жарақат алған. Ресми мәлімет бойынша, автобуста 25 жолаушы болған. Наурыздың басында Маңғыстау облысында да жол апатынан Өзбекстанның алты азаматы опат болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары