Оқушылар 20 мың теңгелік банкнотты орап, темекі қып шекті. Видео Instagram-парақшасындағы zhest_kz тобында жарияданды.
Кадрда 14-15 жас шамасындағы жеткіншек ақшаны темікі сияқты орап, тұтатады. Жанып кетеді деп үрейленген ол дереу жанында тұрған раковинаға апарып, банкнотты өшіреді.
Оқиғаның қайда болғаны белгісіз. Тек желі қолданушылары жігіттің ақ жейде кигеніне қарап, оқушы деп болжап отыр.