$ 494.87  520.65  4.91

Сирияда тағы бір ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам қаза тапты

6 ақпан күні Сириядағы Хмейми авиабазасына қонарда ресейлік Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апаттан 26 жолаушы және алты экипаж мүшесі мерт болған деп жазады Азаттық.

Министрлік өкілдері ұшақты атып түсірмегенін, апатқа техникалық ақау себеп болу мүмкін екенін айтады. Ресей ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдерін әлі жарияламады.

2018 жылдың басында Сирияның Идлиб провинциясында содырлар ресейлік Су-25 ұшағын атып түсірген. Ұшқыш Роман Филипов жердегі атыс кезінде мерт болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары