$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстау облысында 35 қаңғыбас ит ауылдың малын жаппай қырып салған

Маңғыстау облысы Сайын Шапағатов ауылында қаңғыбас иттер малға шабуыл жасауда. Олар небәрі екі-үш күннің ішінде елді мекендегі 4 үйдің 22 бас малын тамақтап кеткен деп жазады Қазақпарат.

Ауыл әкімінің тапсырмасымен иттерді аулауға мамандар кіріскен болатын. Осы уақытқа дейін 35 ит атылыпты. Сайын Шапағатов ауылы әкімдігінің бас маманы Еркебұлан Жәнібектің айтуынша, атылған иттер тексерілген. Бірінші белгілері мен мал дәрігерінің сипаттамасы бойынша олар құтыру ауруына шалдықпаған. Тек аштықтан осылай қорадағы малға шабуылдаған деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары