Жаңалықтар 03.06.2015 сағат 18:00

Елордалық түлек ҰБТ-да 125 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Астана қаласы бойынша алғашқы 125 баллды №59 орта мектеп оқушысы Риана Мұстафина жинады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сонымен қатар, елордалық №10 мектеп оқушысы Әлия Сейіткерім 124 балл жинады.

Тестілеу таңдау пәнін қоса алғанда 5 пән бойынша өтеді, сондай-ақ 3,5 астрономиялық сағатқа жалғасады. Биыл аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беру пәндері бойынша жылдық бағаны есептей келе, орташа арифметикалық баға қойылады. Бұдан бөлек, тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады, сайттағы нәтижені оқушының жеке сәйкестендіру номері арқылы білуге болады. 

Еске сала кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 3,5 мыңнан астам астаналық түлек тапсырады. Жалпы, 4407 оқушы мектепті тәмамдады. ҰБТ тапсыратын түлектердің ішінде 180 оқушы «Алтын белгіге» үміткер, ал 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар