$ 445.66  474.58  4.78

Қазақ хандығына қатысты тың деректер табылды

Ғалымдарымыздың «Мәдени мұра» аясында жинақтаған тарихи тың деректері 700-бет жинақ болып биыл күзде жарық көрмек. Ол Тарихи мұра орталығының Қазақ хандығының 550 жылдығына тартуы болғалы отыр.

Мұнда Ұлыбритания, Франция, Иран, Түркия елдерінің кітапханаларынан, қорларынан әкелінген құнды материалдар көп дейді шығыстанушы ғалым Меруерт Әбусейітова. Мысалы, Осман империясының мұрағатында Қазақ хандары мен сұлтандары арасында хат алмасқанын дәлелдейтін жазбалар бар. Ал 17 мың парақ құжат Қазақ хандарының Қытай, Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарымен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың болғанын айғақтайды. Абылай ханның мөрі басылған хатта оның елшілерінің Қытайға дипломатиялық және сауда байланысы үшін жіберілгені жазылған. Ал Францияның Гиме музейінен табылған картинада қазақтардың жылқы сыйлап тұрған сәті суреттелген. Бұл белгілі «жылқыға-жібек» саудасы болса керек деп отыр ғалым Меруерт Әбусейітова.

Меруерт Әбусейітова, шығыстанушы:

- Мемлекетіміздің біртұтас және жүйелі тарихын жазуға, шетел қорларында сақталған осындай бірегей құжаттар мүмкіндік беріп отыр. Яғни, біз тарихты аңыз әңгімелерге сүйеніп емес, мұрағаттық жазбаларға, сызба-суреттер негізінде жазудамыз. Мұның барлығы «Мәдени мұра» және «Тарих толқынында» бағдарламарының аясында жүзеге асып отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары