$ 498.34  519.72  4.85

Қасиетті Медина қаласында тәжіктің танымал кәсіпкерін отбасымен түгел өлтірген

Сауд Арабиясы қаласындағы қонақ үйлердің бірінде 33 жастағы тәжік кәсіпкері Бахтиер Додохонов пен оның әйелі және екі баласы өлі күйінде табылды деп жазады centralasian.org.

Додохоновтардың туыстары марқұмдардың денелері 5 наурызда табылғанын, бұл хабарды келесі күні ғана естірткенін айтты.

Әзірге Тәжікстан және Сауд Арабиясы бірнеше кісінің өліміне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

Бахтиер Додохонов Тәжікстанда белгілі кәсіпкер болды. Он күн бұрын ол отбасымен бірге кіші қажылық жасау үшін Мединеге кеткен. Умра 21 күнге созылады. Додохоновтардың елге қайтатын билеттері болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары