Жаңалықтар 10.03.2018 сағат 04:03

Алматыда жол апатынан Mazda көлігі қақ ортасынан екіге бөлініп кетті (ФОТО)

Алматыда жантүршігерлік жол көлік оқиғасынан Mazda автокөлігі қақ айырылып кетті. Абырой болғанда, оның жүргізушісі дін-аман деп хабарлады СТВ телеарнасы. Оқиға Құлжа тас жолында болған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Куәгерлердің айтуынша, Mazda автокөлігі Құлжа тас жолымен солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан және Қайрат ауылына қарай бұрылмақ болған екен. Сол сәтте аса жоғары жылдамдықпен келген Mitsubishi Galant оның тура бүйірінен соғып, екіге бөліп жіберіпті.

Жол көлік оқиғасынан Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі айтарлықтай дене жарақаттарын алды және ауруханаға жеткізілді. Ал, Mazda жүргізушісі дін-аман.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар