$ 494.87  520.65  4.91

Microsoft, Samsung, Intel компаниялары Астанада корпоративтік орталықтарын құрады

«Назарбаев Университеті» зияткерлік инновациялық кластерінің аумағында General Electric, Microsoft, Intel және басқа да әлемдік танымал компаниялар корпоративтік орталықтарын орналастырады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХVIII пленарлық отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев хабарлады.

Оның айтуынша, «Астана бизнес кампус» ғылыми саябағы аумағына әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялық компанияларды тарту мақсатында 90-нан астам компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, алтауымен меморандумдарға қол қойылды. Олардың арасында General Electric, Microsoft, Intel, Hewlett-Packard, Samsung және Huawei бар.

«Компаниялар «Назарбаев Университеті» зияткерлік инновациялық кластерінің аумағында корпоративтік орталықтарды құруды жоспарлап отыр»,- деді Ә.Исекешев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары