$ 443.85  474.3  4.8

Forbes тізіміне енген 25 шетелдік инвестор елімізде 15 жобаны іске асыруға ниет танытып отыр

Бұл туралы Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды 24kz.

Қазірдің өзінде Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампус» ғылыми паркіндегі бірқатар инновациялық бастаманы іске асыру үшін 6 түрлі келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Қарашығанақ, Абу Даби Плаза, Астана EXPO-2017 жобаларына инвестор тарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде қаржы құйып, бизнесін жүргіземін деген азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасалғандығын жеткізді. Айта кетейік, биылғы инвесторлар кеңесінің отырысы елімізде агробизнесті дамыту тақырыбы аясында өтіп жатыр. Бұл ретте Қазақстанның географиялық орналасуы ауылшаруашылығын дамытуға өте қолайлы деді Президент. Сонымен қатар Елбасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Сэр Чакрабартимен кездесті. Әңгімелесу барысында Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмысының негізгі бағыттары мен оның қызметін одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары