Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев «Ұлттық тұтынушылар лигасы» республикалық қоғамдық бірлестіктің баспсөз конференциясында комитет кеше құқық қорғау органдарына Travelsystem компаниясының қашып кеткен директорын тауып алу өтінішімен хат жолдағандығын хабарлады деп жазады vlast.kz.
Кеше біз бас прокатураға, ішкі істер министрлігіне және қаржы полициясы желісі бойынша мемлекеттік кірістер комитетіне хат жолдадық. Біз келесідей өтінішпен жүгіндік: бізге жақын арада осы адамның қайда жүргендігі туралы, оның шоттарының, активтерінің, оның мүлкінің жағдайы туралы ақпарат керек. Мемлекеттік органдар проблеманың тезірек шешілуінен мүдделі, олардың көмегімен біз бұл адамның қайда екенін біле аламыз деп сенемін», — деп мәлімдеді Т.Дүйсенғалиев.
Айта кетелік, 3 мамыр күні түнгі 2-3 аралығында Travelsystem компаниясының ресми сайтында қызметтің тоқтатылуы туралы хабарлама пайда болды. Кейінірек белгілі болғандай, фирма бастығы Еуропаға кетіп қалған.
Бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында Т.Дүйсенғалиев Түркиядағы Қазақстан консулдығы әрекеттерінің арқасында қазақстандықтарды 4 мамыр күні 15:00-ге дейін қонақүйлерден шығармау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Бұл ретте қазақстандықтар 3 мамыр күні Анталия уақыты бойынша 12:00-де қонақүйлерін босатуы тиіс еді.