Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігін кесіп өтпек болған 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді деп хабарлайды СТВ телеарнасы.
Оқиға Гете көшесінде №31 мектепке қарсы бетте болған. 2010 жылы туған бала жолдан өтіп бара жатқан сәтте оны жоғары жылдамдықпен келген Toyota Corolla автокөлігі соғыпты.
Куәгерлердің айтуынша, алған ауыр дене жарақаттарынан оқушы жедел жәрдем келместен бұрын қайтыс болып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр.