$ 494.87  520.65  4.91

Дана Нұржігіттің журналиске тән бір еңбегі жоқ: Тағы бір журналист дикторларды журналистермен шатастырмауды сұрады

Күні кеше ғана  филология ғылымдарының докторы Қуандық Шамахайұлы Дана Нұржігіттің журналист емес, жай ғана диктор екенін айтқан болатын.  Бүгін тағы бір танымал журналист Тоқтар Жақаш әріптесінің бұл пікіріне қосылатынын жеткізді.

Тоқтар Жақаш жұртты журналисті диктормен шатастырмауға шақырды.

«Дана Нұржігіт адам ретінде ашықжарқын, тартымды, келіншек. Бірақ тілші ретінде не кәсіби, не әуесқой журналиске жатқызу қателік. Журналиске тән бір еңбегі жоқ. Жүргізушілік шеберлігі мен өзінен басқаға қызмет етпейтін интеллекті басқа тақырып. Ал былай, журналистика тілінде жап-жақсы «говорящая голова». Бұл жөнінде Қуандық Шамахаймен толық келісемін. Дикторлар кадр сыртындағы журналистің еңбегімен ғана танылады», – деді ол өзінің facebook-парақшасындағы жазбасында.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт журналист Асхат Садырбайдың «Үлкендердің әңгімесі» атты жобасында қонақта болып, қоғамдағы құндылықтардың жоғалып бара жатқанын, атышулы блогер Айжан Байзақова туралы және қазіргі әйелдердің өздерін тауар ретінде санайтынын айтқан болатын. Қуандық Шамахайұлы болса әр адамның аузынан шыққан сөзі сол адамның деңгейін көрсетеді дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары