Алматыда жатахқана өртенді. Ғимараттан 230 адам эвакуацияланды деп жазады ҚазАқпарат.
12 наурызда сағат 23:16-да Алматы қалалық ТЖД-ның «101» пультіне Бостандық ауданында Ғабдуллин көшесінің бойындағы жатақханада өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған.
«Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 6 минуттан соң 23:22-де келіп жетті. 4-ші жатақхананың 3 қабатындағы бөлмеден өрт шыққаны белгілі болды. Ғимараттан 230 адам эвакуацияланды. Өрт 18 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын өрт сөндірушілер келіп жеткенше сөндірілген», - деді қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Кейін белгілі болғандай, жалынды жатақхана қызметкерлері іштегі өрт сөндіруге арналған кранды ашып су шашып сөндірген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.