$ 498.34  519.72  4.85

Астанада өртенген үйден әйел мен кішкентай баланың мәйіті табылды

Бұған дейін Астанада үш қабатты коттедждің өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз. Құтқарушылар үйінділер астынан әйел мен кішкентай баланың мәйітін тапты деп жазады Хазақпарат.

«Өрттен 1994 жылы туған қыз зардап шекті, оның жамбасы сынып, №1 ауруханаға жатқызылды. Оқиға орынынан ана мен баланың мәйіті табылды. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде», - деп хабарлайды Астана қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге техникалық қызмет көрсету стансасы ішінде тұрған Nissan Patrol, маркалы автомобиль де жанып кетті.

Осыған дейін Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Сырымбет 30 мекенжайында ТҚС өртеніп жатқаны туралы айтылған. Коттедждің 1 қабаты ТҚС болса, екінші қабаты шаруашылық бөлмелері, үшінші қабат тұрғын үй ретінде жабдықталған. Тілсіз жаудың жалыны жақын маңдағы ғимараты да шарпып өтті. Өрт тиген екі ғимараттың бүлінген аумағы 500-ге жуық шаршы метрді құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары