$ 522.49  547.88  5.06

ҰБТ-ның үш күнінде 4 мыңдай түлек 50 балдық деңгейге жете алмады

4 маусымда ҰБТ тапсырған 200-тен астам  түлек 50 балдық шекті деңгейді еңсере алмады, деп хабарлады жұмада Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

«ҰБТ 61 бекетте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 59 мың 195 түлектен 56 мың 318-і (95,1 %) қатысты. 50 балдық шекті деңгейді 3 мың 992 (20,7 %) түлек еңсере алмады. 2014 жылы олардың саны 5 мың 829 (24,2%) адамды құраған", — делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 4 маусымда ҰБТ тапсырғандардың орташа балы – 78,4, 2014 жылы — 77,1 болған.

100 балдан жоғары 3 мың 154 (16,4%) түлек жинаған. 2014 жылы– 4 мың 018 (16,7%) түлек жинаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары