Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ Алғысын жариялау үшін құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі 5 мамыр мен 5 маусым аралығына тура келетін мереке күндерін ескере отырып, Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімін 10 маусымға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданғанын хабарлайды.
Мемлекет басшысы сыйлығының лауреаттары 2 миллион 200 мың теңге, сондай-ақ алтын төсбелгі алады. Грант иегерлеріне 1 миллион 764 мың теңге беріледі.