$ 494.87  520.65  4.91

Әйгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Әйгілі ағылшын физигі Стивен Уильям Хокинг 77 жасына қараған шағында қайтыс болды деп жазады РИА Новости. Ғалымның бақилық болғанын оның туыстары растаған.

Хокинг — физик-теоретик, әйгілі ғалым, 10 миллион тиражбен таралған «Уақыттың қысқаша тарихы» кітабының авторы. Оның тiршiлiкке деген құштарлығы ерiксiз таң қалдырады және жаныңа жiгер бередi. Денесiнiң жартысынан көбiн қозғалта алмайтын Стивен дауыстап сөйлей де алмайды. Ғұмырының үлкен бөлiгiн орындыққа таңылумен өткерiп келе жатқан данышпан физик кiтаптарын семiп қалған саусақтарына қарындаш қыстырып, жазып шыққан. Ол бұл кiтаптарында ғаламшар ғұламаларын ғасырлар бойына толғантып келе жатқан және адамның ақылы жете бермейтiн астрофизика тылсымдары жайында бұрын-соңды еш пенде айтпаған, бiрде бiр ғалым ашпаған жаңалықтар берген.

Адамзат баласының болашағын орындыққа таңылып отырып, дауыстап сөйлей де алмай ғұмыр кешiп, ойлап келе жатқан ғалым астрофизикамен, ядролық физика iлiмдерiмен, бұларға қоса фило-софиямен өз бетiнше оқудың күшiмен терең танысып, кереметтей игерген. Стивен аз ғана жылдың мөлшерiнде әлемнiң iрi университеттерiнiң оқу бағдарламаларын үйiнде отырып-ақ зердесiне сiңiре бiлген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары