$ 441.66  475.14  4.86

Жүргізушілерді жанармай бекетіндегілер қалай алдайтынын білесіз бе? (ВИДЕО)

Жанар-жағар май құю бекеттері қызметкерлерінің түрлі құйтырқы әрекеттері түсірілген видеороликтер Интернетте аз емес. Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мына видео көпшіліктің жағасын ұстатты.

Бұл оқиға Мәскеуде Домодедово әуежайының маңындағы Лукойл жанармай құю бекетінде болған деп жазады видео авторы. Онда Matiz автокөлігіне жанармай құюдың орнына орталық қызметкерлері бензинді алдымен өзге ыдысқа толтырып алып, қалғанын көлік багына құйған. Бұл сәтте көлік иесі жанармай құю бекетінің ғимаратында болған, яғни, жұмысшылардың құйтырқы әрекеттерін көрмеген.

Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық көлік иелері жанармай бекеттерінде түсірілген видеоларымен бөлісіп жататын. Онда көбінесе бензин құятын автоматтан бензин емес, жай ғана ауа шығып тұратыны түсірілген. Сондай-ақ, кейбір автоматтарда литрді дұрыс есептемейтін көрінеді. Алайда, бұл жағдайлардың бәріне жанармай құю бекеттерінің иелері тиісті жауаптарын беріп келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары