Оқиға Паттайядағы (Таиланд) жағажайлардың бірінде болған. Жыныстық қатынасқа түскен жұпты куәгерлер бейнекамераға түсіріп алыпты. Айтуларынша секс небәрі 3 минутқа созылып, артынша қыз бен жігіт қашып кеткен деп жазады Metro.
Қазіргі таңда бұл жұпты полицейлер іздестіріп жатыр. Жергілікті заңға сәйкес, олар ұсталса қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамалуы да мүмкін. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы кезде мұндай оқиғалар Таиланд жағажайларында жиілеп кетіпті.
Егер видеодағы қыз бен жігіт өздернің кінәларын мойындаса, 5 мың бат (£115) айыппұл төлеп құтыла алады, немесе түрмеге жабылады. Қазіргі уақытта полицей бейнебақылау арқылы куәгерлерден сұрау алып жатыр.